Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 30.12.2011 № 651 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2. Зеренді ауданы әкімдігінің «2010 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 39 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-14-129 тіркелген, 2010 жылы 19 ақпанда «Зеренді» газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Сағдиев