Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2012.08.06 № А-8/289 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына, 16 бабының, 29 бабының 6, 7 тармақтарына, Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы № А-6/341 қаулысымен бекітілген, «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № А–1/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудін тізілімінде № 1-16-70 тіркелген, 2008 жылғы 18 ақпанда «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. Анықталсын:
үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, толық мемлекеттің қамқорлығына алынған мүгедек балалардан басқа, ата-аналарына және басқа да заңды өкілдеріне төленеді;
әлеуметтік көмек тоқсанға құжаттарымен бірге өтініш берілген уақыттан бастап, оны алуға құқығы бар тұлғалардың есеп шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен тағайындалады және төленеді.»;
4 тармақтағы «Б.С.Ізбасарова» сөзін «Қазизова Ә.Қ.» сөзіне ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков
КЕЛІСІЛДІ:
«Сандықтау ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Мурашиди Н.А.