Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2010.12.31 № А-6/296 қаулысымен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету көрсетілсін.
2. Белгіленсін:
1) материалдық қамтамасыз ету ағымдағы жыл бойы алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға бір тоқсанға тағайындалады;
2) үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу қаржыландыру болуына қарай өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеуі осындай жағдайлар туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады.
3. «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету үшін аудан бюджетінен бөлінген ақшалай қаражаттарды уақытында игеруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдасын.
4. Целиноград ауданы әкімдігінің «Үйлерінде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру туралы» 2009 жылғы 4 наурыздағы № 44 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-17-85 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 наурызда № 14-15 аудандық «Призыв» «Ұран» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Мыңжанов