Целиноград ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № А-6/296 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 21 қаңтарда № 1-17-145 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № А-1/123 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 18.03.2016 № А-1/123 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету көрсетілсін.
      2. Белгіленсін:
      1) материалдық қамтамасыз ету ағымдағы жыл бойы бір тоқсанға алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға тағайындалады;
      2) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу қаржыландырудың болуына қарай өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеуі осындай жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдың есебімен тоқтатылады.
      3. "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету үшін аудан бюджетінен бөлінген ақшалай қаражаттарды уақытында игеруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдансын.
      4. Целиноград ауданы әкімдігінің "Целиноград ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы" 2010 жылғы 9 шілдедегі № А-6/130 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1-17-138 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 қазанда "Призыв", "Ұран" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады