Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2011.04.28 № 253/38-4 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 9 маусымдағы № 193/28-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-17-136 болып тіркелген, 2010 жылғы 23 шілдеде аудандық «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
«аз қамтылған отбасылардың студенттеріне білім беру мекемелерімен келісім-шарт негізінде жылына бір рет оқу төлемақы мөлшерінде» деген абзац келесі мазмұндағы редакцияда мазмұндалсын: «ауылдық жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын, білім беру мекемелерімен келісім-шарт негізінде оқу төлемақысының жылдық мөлшерінде».
2. Осы шешім Целиноград ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы М.Сыздыков
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Б.Мәжіренов
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі М.Мыңжанов
«Целиноград ауданының экономика
және бюджетті жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Ыбраева
«Целиноград ауданының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы В.Скрипко
Целиноград ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
міндетін атқарушы бастығы И.Филоретова