Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы, 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесіне сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығының дәрежесін анықтау, мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылғы қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың тіркелуі «Ақмола облысы Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары В.П.Игнатовқа жүктелсін.
3. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі С.Қамзебаев
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Ақмола облысы Шортанды ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Бегімқұлов