Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Оқжетпес селосының жерлері аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін базалық төлем ставкаларының түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қарашадағы № С-28/12 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 желтоқсанда № 1-19-186 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 5С-14/4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Оқжетпес селосының жер аймақ шекаралары бекітілсін.
      2. 2 қосымшаға сәйкес Щучинск қаласында, Бурабай кентінде, Оқжетпес селосында жер учаскелері үшін базалық төлем ставкаларының түзету коэффициенттері бекітілсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХХVІІІ сессиясының төрағасы                Б.Қойшыбаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Г.Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

      «Бурабай ауданының жер қатынастары
      бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы               М.Наурызбеков

Бурабай аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 5 қарашадағы
№ С-28/12 шешіміне
1 қосымша

Аймақтардың шекаралары

Аймақтың

Аймақтардың
сипаттамалары

I-1
аймақ

Оңтүстіктен Ломоносов көшесімен, батыстан Пугачев
көшесімен, шығыстан Қылшықты өзенімен шектеледі,
солтүстігінен дендрологиялық саябағымен шектеседі,
ары қарай Едомский, Луначарский көшелері бар. Басты
көшелер болып Әуезов және Абылай хан көшелері
саналады

I-2
аймақ

Оңтүстіктен Одесская көшесімен батыстан Овражная көшесімена солтүстіктен Ломоносов көшесімен және шығыстан өзенмен шектелген.

II–1
аймақ

Оңтүстігінен Рабочий көшесімен, шығысынан Пугачев және Овражная көшелері, солтүстігінен Одесская көшесімен, батыс жағынан III – 2 шектеседі.

ІІ-2
аймақ

ІІІ-1 аймағынан жоғары орналасқан және аймақтың оңтүстігі темір жол бойымен өтеді. Батыс жағынан айналма трассамен шектелген, аймақтың солтүстік шекарасы Одесская және Рабочая көшелері арқылы өтеді, шығысынан ІІІ-1 аймағымен шектеледі.

III–1
аймақ

Жеке секторлардан тұратын, Щучинск қаласының оңтүстік шетінде орналасқан. III – 1 аймақтың солтүстігі мен шығысы темір жолмен, ал, оңтүстігі мен батысы Щучинск қаласының шекарасына жетпей шектеледі.

III–2
аймақ

Щучинск қаласының батыс шетінде орналасқан, бұнда әртүрлі өнеркәсіптік нысандар орналасқан тұрмыстық емес массивтер көрсетіледі.

III–3
аймақ

Щучинск қаласының солтүстік батысында орналасқан. Батысынан Көкшетауға трасса, оңтүстігінен III- 2 аймағымен, IV -1 аймағымен – шығыстан шектеледі.

IV-1
аймақ

Щучинск қаласының солтүстік шетінде орналасқан. Негізгі көше болып айналма трассасынан қалаға кіру жолындағы оңтүстік шекарасы саналады.

IV-2
аймақ

Солтүстік жағынан Щучье көліне қабысқан аумақ, негізгі бөлігін дендрологиялық саябақ алып жатыр.

V-1
аймақ

Шоссейный көшесі бойынша шағын аумақ Бурабай кентіне және Степняк қаласына баратын жолда орналасқан.

V-2
аймақ

Тұрғын массивтің аумағы, Степняк қаласына баратын жолдың солтүстігінде орналасқан.

V–3
аймақ

Щучинск қаласының солтүстік - шығыс жағында орналасқан. Аймақтың батыс шекарасы Бурабай кенті жолымен өтеді, оңтүстік жағында V – 2 аймағымен шектеседі.

VI-1
аймақ

Щучинск қаласының шығыс шегінде орналасқан. Аумақтың батыс шекарасы Қылшақты өзені бойымен өтеді.

VI-2
аймақ

Щучинск қаласы шекарасындағы ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлер аумағын алып жатыр.

Бурабай
кенті,
Оқжетпес
селосы

Бурабай және Үлкен Шабақты көлдері арасында орналасқан.

Бурабай аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 5 қарашадағы
№ С-28/12 шешіміне
2 қосымша

Щучинск қаласында, Бурабай кентінде, Оқжетпес селосында
жер учаскелері үшін базалық төлем
ставкаларының түзету коэффициенттері

Аймақтардың №

Түзету
коэффициент

Щучинск қаласы

I-1

1,9*967,5=1838,2

I-2

1,6*967,2=1548

II-1

1,3*967,2=1257,7

II-2

1,6*967,2=1548

III-1

0,8*967,2=774

III-2

0,8*967,2=774

III-3

1,4*967,2=1354,5

IV-1

1,4*967,2=1354,5

IV-2

1,8*967,2=1741,5

V-1

1,6*967,2=1548

V-2

1,6*967,2=1548

V-3

1,0*967,2=967,2

VI-1

0,8*967,2=774

VI-2

0,8*967,2=774

Бурабай кенті,
Оқжетпес селосы

2,0*322,5=645

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады