Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидасы туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 312 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 2 тамызда № 3340 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 40 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2012.04.18 № 40 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 38 бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидасы бекітілсін.
      2. Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 қыркүйектегі № 293 «Ақтөбе облысының су нысандарында ортақ суды пайдаланудың Ережелері туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 3188 болып тiркелген, 2006 жылғы 10 қазандағы № 123 «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                   Облыстық
        сессия төрағасы                мәслихаттың хатшысы

       Ж. СЕЙІТПАҒАМБЕТОВ                  Б. ОРДАБАЕВ

2010 жылғы 14 шілдедегі № 312
облыстық мәслихаттың шешімімен
бекітілген

Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидасы

      1. Осы ортақ су пайдалану Қағидасы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 38 бабының 1) тармақшасына, 92 бабына95 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 595 «Қазақстан Республикасында ортақ су пайдаланудың үлгі Ережесін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5977 болып тіркелген бұйрығына сәйкес әзірленді.
      2. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Ақтөбе облысының су объектілерінде жол берілмейді:
      ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған орындарда шомылуға;
      орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде облыстың жергiлiктi атқарушы органында мiндеттi түрде тiркелуі және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тұтас алғанда осы су объектілеріне оң қорытындысы болмаған жағдайда тiкелей жер үстi және жер асты су объектілерінен су алуға;
      санитарлық қорғау аймақтарында және суат алаңдары мен су объектілерінің ортақ су пайдалану тәртібімен ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болмаған жағдайда су объектілерін мал суару үшiн пайдалануға. Басқа жағдайларда жергілікті атқарушы органдар суат алаңдарын жайластыру бойынша шаралар жүргізеді;
      зардап шеккендерді құтқаруға қолданылатын су құралдарынан басқа, сонымен қатар ұйымдастырылған жағажайларда қолданылатын өзге де құралдармен, шағын кемелермен және басқа да жүзу құралдарында халық көп жиналатын орындардағы су айдындарында серуендеуге.
      3. Осы Қағиданың 2 тармағына сәйкес суда жүзетін жабайы құстар мен жүні бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекен-жайы болып табылатын су объектілерінде ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалану құқығына шектеу қою.
      4. Жеке немесе бірлесіп су пайдалануға берілген су айдындарында, ортақ су пайдаланудың осы Қағидамен бекітілген талаптары ескеріледі.
      5. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін жеке немесе бірлесіп су пайдалануды жүргізетін су пайдаланушы, облыстың жергілікті өкілді органына оларды қабылдаудың қажеттігі негізделген өтінім тапсырады.
      6. Бекітілмеген су объектілерінде осы Қағиданы бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілер мен плакаттарды орнатуды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
      7. Жүзудің қауіпсіздігін сақтау мақсатында кемелер қозғалысын шектеуді жүзеге асыру «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңымен және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңымен реттеледі.
      8. Бұқаралық ақпарат көздері арнайы ақпараттық белгілермен тұрғындарға шомылудың және ортақ су пайдаланудың басқа шарттарын шектеу туралы хабарландырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады