Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 263 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 31 тамызда № 3342 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 07-3/1839 хаты.

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012.05.22 № 07-3/1839 Хаты.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың облыстың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына 2010 жылдың 31 қазанына дейін тыйым салынсын.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі ормандарды өрттерден күзетуді және қорғауды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Өмірзақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс Әкімі

Е.Сағындықов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады