Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка селосын Ақай ауылы деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 339 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 387 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 5 қаңтарда № 3350 тіркелді

      Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 27-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірін, Алға ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка селосы Ақай ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Е.САҒЫНДЫҚОВ
      Сессия төрағасы,
облыстық мәслихаттың
Б.ОРДАБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады