Жеке есептегіш құралдарды сатып алуға және қондыруға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы № 236 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2010 жылдың 9 наурызда № 3-1-130 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 205 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 205 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына қолдау көрсету мақсатында, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Келесі санаттағы азаматтарға салқын және ыстық сумен жабдықтау есебін жүргізетін жеке құралдарды сатып алуға және қондыру шығындарын өтеу түрінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;
      2) «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған тұлғаларға;
      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға;
      4) 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің және қайтыс болған қатысушылар мен мүгедектердің жесірлеріне және ерлеріне;
      5) бұрынғы кәмелет жасына жетпеген концлагерь тұтқындарына, гетто және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде басқа да жерлерде мәжбүрлеп қамауда болғандарға;
      6) қайтыс болған, хабарсыз кеткен ауған соғысы жауынгерлерінің ата - аналарына;
      7) 1, 2 топтағы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
      2. Салқын және ыстық су есебін жүргізетін жеке құралдарды сатып алу және қондыруға кеткен шығындарды өтеу қалалық бюджет қаражаты есебінен сатып алған құралдың және оны қондыру жұмысының бір құрал үшін 4 айлық есептік көрсеткішінен аспайтын құнына тең сомада, Ақтөбе қаласында тіркелгенін, мәртебесін, сатып алғанын, қондырғанын дәлелдейтін құжаттары тапсырылған кезде, азаматтардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынға КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға шығындарды өтеу 50% көлемінде сатып алған құралдың және оны қондыру жұмысының бір құрал үшін 2 айлық есептік көрсеткішінен аспайтын құнына тең сомада жүргізіледі.
      3. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру көзі анықталсын.
      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының         Ақтөбе қалалық
           сессия төрағасы             мәслихатының хатшысы

             В. Друзьяк                   С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады