Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012.02.06 № 480 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 3185 «Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылдың 12 желтоқсанында № 3-1-99 санымен тіркелген, № 157 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2009 жылдың 23 желтоқсанында жарияланған), Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 1095 «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашасындағы № 3185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескеріп (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 25 мамырында № 3-1-110 санымен тіркелген, № 63-64 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2009 жылдың 26 мамырында жарияланған), Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 1826 «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашасындағы № 3185 «Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескеріп (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 7 тамызында № 3-1-116 санымен тіркелген, № 98-99 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2009 жылдың 18 тамызында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
қазақша нұсқасындағы 3 тармақтағы «15000 тенгеден аспайтын мөлшерде ішінара өтеу» сөздерінен кейін «қала бюджетінен және 20000 теңге республикалық бюджеттен» сөзімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М. Қалдығұловаға тапсырылсын.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн аяқталысымен күшіне енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Қала әкімі А. Мұхамбетов