Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 07.10.2013 № 2801 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.С. Байжомартовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А.Мұхамбетов
Ақтөбе қала әкімдігінің
2010 ж. 22 қарашадағы
№ 3217 қаулысына
ҚОСЫМША
Ақтөбе қаласы аумағында автодүкендерде және (немесе) шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі
№ | Атауы | Орналасқан жері |
---|---|---|
1 |
Коммуналдық шағын – базар |
Бейбітшілік даңғ., 15 «В» |
2 |
Коммуналдық шағын – базар |
Чекалин көш.,32 |
3 |
Коммуналдық шағын – базар |
12 ықшам аудан, 58 |
4 |
Коммуналдық шағын – базар |
Гастелло көш., 18 |
5 |
Коммуналдық шағын – базар |
Авиақалашық, 13 |
6 |
Коммуналдық шағын – базар |
Ағ. Жұбановтар көш., 296 |
7 |
Коммуналдық шағын – базар |
Кереев көш., 2 |
8 |
Коммуналдық шағын – базар |
Есет батыр көш., 109 «А» |
9 |
Коммуналдық шағын – базар |
Қарғалы ауылы |
10 |
«Табыс» коммуналдық базары |
Сәңкібай батыр даңғ., 24 «Н» |