Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 123 қаулысы. Ақтөбе облысы Алға ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда № 3-3-109 тіркелді. Қабылдау мерзімі аяқталуына байланысты қолдану тоқтатылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 02-1/08 хатымен

      Ескерту. Қабылдау мерзімі аяқталуына байланысты қолдану тоқтатылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің 2011.01.06 № 02-1/08 хатымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18, 19, 20, 23, 44 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызметі мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке 2010 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулысына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақырылуын кейінге қалдыру құқығынан айрылған ересек жастағы азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:
      Кусмамбетов           - Алға аудандық қорғаныс істері жөніндегі
Серик Жексенбаевич            бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
      Досымов               - Алға ауданы әкімі аппаратының
Бауыржан Әбдіғалиұлы          ұйымдастыру-кадрлар және
                              мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің
                              бас маманы, заңгер
                     Комиссия мүшелері:
      Жақыпов               - Алға аудандық ішкі істер бөлімі
Бақыт Темирбайұлы             бастығының орынбасары
      Рущук                 - Алға аудандық орталық ауруханасының
Ирина Ивановна                дәрігер терапевт
      Примжанова            - Алға аудандық орталық ауруханасының
Лаура Отарбекқызы             медбикесі, комиссия хатшысы
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2010.10.15 № 474, 2010.11.25 № 520 (ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       3. Қала,селолық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы кәсіпорындардың басшылары, әскер қатарына шақырылғандарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыруымен хабардар етіп және шақырылушыларды жұмыстан, оқудан босатып және іс-сапарлардан кері шақырып алуды ұйымдастырып, олардың шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
       4. «Алға аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорынынан (С.Тәженов) шақыру комиссия өтер кезеңінде, шақырылушыларды медициналық куәландыру дайындығы үшін № 1 қосымшаға сәйкес жоғарғы жұмыс тәжірибесі бар маман дәрігерлерді бөлуі сұралсын.
      1) Маман дәрігерлерді орта медициналық қызметкерлер құрамымен қамтамасыз ету;
      2) Шақыру мерзімі кезінде (2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында) емдеу мекемелері үш күн ішінде стационарлық емдеудегі шақыру жасына жеткен азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлап тұруды қамтамасыз ету сұралсын.
       5. «Алға аудандық ішкі істер бөлім» ММ-сі (Н.Өрісбаев)
      1) бұрын сотталған, жазасын өтеген, қоғамға қарсы және басқа да қылмыстары үшін тергеуде жүрген әскерге шақырылушылар туралы Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ақпарат берсін;
      2) шақыру учаскесінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
      3) әскерге шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру оларды ұстау және шақыру учаскесіне әкелуді қамтамасыз етсін;
       6. «Аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Т.Төлегенов) азаматтардың әскери қызметке шақырылуына байланысты шығындарды жергілікті бюджетте қаралған қаржы мөлшерінде қаражат бөлу жүктелсін.
       7. Алға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Б.Сәбетов 2010 жылдың 25 маусымына және 25 желтоқсанына дейін аталған қаулының орындалғаны жөніндегі Алға ауданының әкіміне және Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне ақпарат тапсырсын.
       8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.С.Ағниязовқа жүктелсін.
       9. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданының әкімі                             Қ.Сәрсенғалиев

Алға ауданының әкімдігінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі № 123
қаулысына № 1 қосымша

      Тіркеу комиссиясы кезінде әскер қатарына шақырылатындарды медициналық куәландыратын маман-дәрігерлер мен орта медициналық құрамының тізімі:
      1. Дәрігер-хирург                                М.Шакиров
      2. Дәрігер-терапевт                              А.Марқабаева
      3. Дәрігер-отаринголог                           К.Хасанов
      4. Дәрігер-психиатр                              Ф.Исмаилова
      5. Дәрігер-невропатолог                          С.Құщанова
      6. Дәрігер-стоматолог                            Ә.Қоразова
      7. Дәрігер-дерматолог                            Р.Зайнуллин
      8. Көз дәрігері                                  К.Мұратбаев
      9. Дәрігер-нарколог                              К.Нұрғалиева
      10. Дәрігер-рентгенолог                          А.Есенғалиев
      11. Медбике                                      Г.Бисенбаева
      12. Медбике                                      Н.Кушекбаева
      13. Лаборант                                     К.Әбіляшева
      14. Лаборант                                     Б.Игельманова
      15. ЭКГ кабинеті                                 С.Нұрпаева
      Тіркеу комиссиясы кезінде азаматтарды куәландыруға қажетті құрал-жабдықтардың, медициналық шаруашылық мүліктердің тізімі Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің № 100-2005 жылғы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің № 117-2005ж. бірлескен бұйрығына сәйкес бөлінсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады