Көлтабан селолық округінің Құлақ елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 48 қаулысы. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 26 сәуірде N 3-4-97 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 98 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010.06.21 № 98 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10, 27 баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1-тармақ, 18 тармақшасын және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының бас ветеринария инспекторының 18 наурыз 2010 жылғы № 4-2/142 санды ұсынысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көлтабан селолық округінің Құлақ елді мекеніндегі ірі қара малынан жұқпалы құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Шектеу шаралары бойынша:
      шектеу жарияланған Құлақ елді мекені аумағынан ауыл шаруашылық малдарын аудап әкетуге, әкелуге, бұл елді мекен арқылы өтуге шектеу қойылсын;
      құтыру ауруы шыққан елді мекенде қаңғыбас иттер және мысықтарды құрту жөніндегі жұмыстар жүргізілсін;
      барлық мал өнімдерін өндірудің сақтық шаралары жүргізілсін.
      3. Аудандық ветеринария бөліміне (Б.Алмағанбетов), Көлтабан селолық округінің әкімі (С.Бітімбай), және аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (Н.Тілеубергенов) шектеу мерзімі ішінде сақтандыру шаралары алынсын.
      4. Аудандық орталық ауруханаға (О.Әбдин), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында (З.Мусина) Құлақ елді мекеніндегі құтырған малдармен жанасқан адамдарды бақылауға алып, ауруға қарсы егу жұмыстарын ұйымдастырып, елді мекеннің санитарлық жағдайын бақылауға алу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Омаров) аудандық ветеринариялық бөлімімен бірлесе отырып ветеринариялық режим негізінде аумақта ауыл шаруашылық малдарының қозғалысын болдырмауды қадағалауды күшейту тапсырылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Ермұханбетовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                  Б.Кемешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады