Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімдігінің 2010. 06.23 № 136 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағы мен Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 28 қаңтардағы «Шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауды белгілеу туралы» № 1 шешімі негізінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңның 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау өткізілетін № 10 Тәуіп сайлау округі (Құйылыс, Жайсаңбай селолары) аумағында Ырғыз аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
1) Тәуіп селолық округі бойынша: Құйылыс орта мектебі үйінің алды.
2) Жайсаңбай селолық округ бойынша: Ө.Қанахин атындағы орта мектебі үйінің алды.
2. Белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру және үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз етілетін жағдайда орналастыру Тәуіп селолық округінің әкіміне (К.Тілеужанов) және Жайсаңбай селолық округінің әкіміне (Б.Аманжол) жүктелсін.
3. Қаулы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен және алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.ДУАНБЕКОВ