Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2013.01.15 № 05-10/20 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағағының 13 тармақшасына, 37 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17, 18, 44 бабтарына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудан аумағында тұрақты және уақытша тұратын 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтарды 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.
2. "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған азаматтарды тіркеу үшін аудандық тіркеу комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Қарғалы орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (келісім бойынша) бас дәрігеріне:
1) тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссия билігіне білікті дәрігерлердің, орта деңгейлі медициналық мамандардың қажетті санын бөлу;
2) тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияны дәрідәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету;
3) тіркеу жүргізу үстінде анықталып, қосымша тексеруге жіберілген науқас әскерге шақыру жасына дейінгілерді емдеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмысына қажетті мөлшерде техникалық қызметкерлерді бөлсін.
5. "Қарғалы аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы тіркеу іс шараларын өткізу үшін қарастырылған қаржы қаражаттарын уақытылы бөлсін.
6. Селолық округ әкімдері белгіленген мерзімде азаматтардың хабарланып тіркеуге жеткізілуін қамтамасыз етсін.
7. "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығына:
тіркеу жүргізу кезінде әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін әскерге шақыру жасына дейінгілер арасынан үміткерлерді іріктеу жөнінде үгіт-тәрбие жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
8. "Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығына:
тіркеу жүргізу кезінде шақыру участкесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
9. Аудан әкімінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 8 "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеуге тұрғызу туралы" (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-96 тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2010 жылғы 4 ақпанында № 8-9 (4514-4515) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
11. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Сагиев |
Аудан әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 7 шешіміне ҚОСЫМША |
Аудандық тіркеу комиссиясының
ҚҰРАМЫ:
Ильясов - Қарғалы ауданының қорғаныс істері
Батихан Күнасылұлы жөніндегі бөлімі бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша);
Байсеуіпов Қанат - аудандық ішкі саясат бөлімінің
Асылханұлы бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Алмағамбетов Мерген - Қарғалы ауданының ішкі істер
Шүкірұлы бөлімібастығының орынбасары
(келісім бойынша);
Любина Тамара Ивановна - дәрігер, медициналық комиссияның
төрайымы (келісім бойынша);
Лау Ольга Ивановна - медбике, комиссия хатшысы
(келісім бойынша).
Қарғалы ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі бастығы Б.Ильясов