Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу тұрғызу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 8 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қаңтарда N 3-6-96 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімінің 2010.12.15 № 7 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдегі  № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 1718   баптырына әйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудан аумағында тұрақты және уақытша тұратын 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтарды 2010 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың наурызына дейінгі кезеңде «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.
      2. «Қарғалы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының (келісім бойынша) бас дәрігеріне:
      1) Тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссия билігіне білікті дәрігерлердің, орта деңгейлі медициналық мамандардың қажетті санын бөлу;
      2) тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияны дәрідәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету;
      3) тіркеу жүргізу үстінде анықталып, қосымша тексеруге жіберілген науқас әскерге шақыру жасына дейінгілерді емдеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. «Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмысына қажетті мөлшерде техникалық жұмысшыларды бөлсін.
      4. «Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, іс шараларды өткізу үшін қарастырылған қаржыны мерзімінде бөлінсін.
      5. Селолық округ әкімдері белгіленген мерзімде хабарды жеткізуді ұйымдастырып, азаматтардың тіркеуге уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      6. «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығына:
      тіркеу жүргізу кезінде әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін әскерге шақыру жасына дейінгілер арасынан үміткерлерді іріктеу бойынша үгіт–тәрбие жұмыстарын жүргізуді ұсынылсын.
      7. «Ақтөбе облысының ішкі істер Департаменті Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығына:
      Тіркеу жүргізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қаңтарда № 3-6-75 болып тіркелген аудан әкімінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 9 "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуге тұрғызу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына Т.Д. Тынымгереевке жүктелсін.
       10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                         М. Жұмағазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады