Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2010.03.25 № 70 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" N 148 Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" N 339 Занының 10, 27 баптарының талаптарын орындау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясяның 2010 жылғы 18 қаңтардағы N 3-6/20 ұсынысын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекция бастығы (Ү.Рысқұлов), Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Қобда ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы (Ғ.Құбаев) Жарсай атындағы ауыл округінің Қарағанды елді мекенінде адамдардың денсаулығы мен жануарлардың қауіпсіздік мәнін белгілейтін шектеу қойылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қобда ауданы Жарсай атындағы ауыл округі Қарағанды елді мекенінде ауыл шаруашылығы малдары арасында құтырма ауруының пайда болуына байланысты 2010 жылға арналған ветеринариялық сауықтыру шараларының кешенді жоспары бекітілсін.
3. Жарсай атындағы ауыл округінің әкімі (Р.Байгельдинова) аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бөлімінің бастығы (Т.Ашекбаев) Қарағанды елді мекенінде ауыл шаруашылық малдары арасында құтырма ауруының шығуына байланысты 2010 жылға арналған ветеринариялық сауықтыру шараларының кешендегі жоспарын уақытымен және сапалы өткізу жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімнің орынбасары К. Коктов Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Ү.Рысқұловқа жүктелсін (келісім бойынша).
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: | Л.Исмағамбетова |