Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2011.04.04 № 90 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" № 74 Заңының 19, 20, 23 бабының 1 тармағы және 44 баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 960 Жарлығын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Жамантаев С.С.) 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа әскери құрылымдарға әскерге шақырылған күнге дейінгі 18 жастағы, мерзімді әскери қызметке шақырылудан кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқы жоқ ер азаматтарды мерзімді қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
2. Аудандық шақыру комиссиясының қоса берілген құрамы бекітілсін. (1 қосымша).
3. Ауылдық округ әкімдері шақыруды тиісті деңгейде ұйымдастырып, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды ұйымшылдықпен аттандыру үшін қажетті шаралар алсын.
4. Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігеріне (Оразаев А.) (келісім бойынша):
1) аудандық медициналық комиссияны дәрі-дәрмектермен, құрал- саймандармен, медициналық мүліктермен қамтамасыз ету;
аудандық әскерге шақыру қосынның қажетті құрал-жабдықтармен медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету;
2) әскери қызметке шақыруды өткізуді бастар алдында Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұрау салуы бойынша стационарлық емдеудегі және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы мәліметтерді хабарлау ұсынылсын.
5. Аудандық ішкі істер бөлімі (Калдыбаев А.) (келісім бойынша): шақыру қосынының жұмыс істеу кезеңіне полиция нарядын бөліп, шақырушылардың жиналған жерлерінде қоғамдық тәртіпті сақтау, мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтаруышы шақырушыларды іздеу және қорғаныс істер бөліміне жеткізу жөнінде шаралар алсын.
6. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Назаров Я.) Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырушылардың мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілермен шақырушылар туралы хабарласын.
7. "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Жамантаев С.) "2010 жылдың көктемгі, күзгі шақырудың қорытындысы туралы" ақпаратты Қобда ауданы әкімі аппаратына 23 маусымда және 25 желтоксанда ұсынсын.
8. Аудан әкімдігінің "2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2009 жылғы 12 мамырдағы № 91 (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 19 маусымдағы № 3-7-70 болып тіркелген, 2009 жылғы шілденің 2-сі күні "Қобда" газетінде № 26 санында жарияланған қаулысының) күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсін.
10. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Л.Исмағамбетова
Аудан әкімдігінің
2010ж "22" сәуір
№ 22 қаулысына
қосымша 1
Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:
Жамантаев Серік Сағынғалиұлы Қобда аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім
бастығы, комиссия
төрағасы;
Омарғалиев Талғат Мырзабекұлы Қобда ауданының әкімі
аппаратының төтенше
жағдайлар жөніндегі бас
маманы, комиссия
төрағасының орынбасары;
Шантасова Жанат Серіккалиқызы Қобда аудандық орталық
ауруханасының медбикесі,
комиссия хатшысы;
Жакиев Жолдыбек Асылбекұлы Қобда аудандық орталық
ауруханасының дәрігері,
комиссия мүшесі,
медициналық комиссиясының
төрағасы;
Абдығали Орыналы Аметұлы Қобда аудандық ішкі істер
бөлімі бастығының
орынбасары,