Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 05.04.2013 № 5-05/44 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңының 6 және 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурызындағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 5 бабының 3 тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 Заңының 36 бабының 7 тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы» ережесінің 3 тармағына сәйкес және «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысы негізінде Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарды және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өсуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Мәслихат сессиясының Аудандық мәслихаттың
төрағасы хатшысы
Қ. Ізбасқанов І. Қобланов
Қобда ауданының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны
үшін және телефонға абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуіне
байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегін беру
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
Осы Ережеге Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 «Байланыс туралы» Заңының 36 бабының 7 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы» ережесінің 3 тармағына сәйкес әзірленді және аудандық бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын тұрғын үй көмегінің тәртібін анықтайды.
1. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) Тұрғын үй көмегі – тұтынған коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және байланыс қызметі (абонентік ақы) жөніндегі шығындарды өтеу үшін Қобда ауданының тұрғындарына берілетін көмек және ол тұрғындарды әлеуметтік қорғау түрлерінің бірі болып табылады.
2) Телефонға абонеттік тарифтерінің арту өтемақысы – 2004 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша құрылған тарифтерінің және қолданыстағы тарифтер аралығындағы айырмашылықты белгілейтін және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы.
3) Өтініш иесі (жеке тұлға) - жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жолыққан адам.
4) Жиынтық кіріс-тұрғын үй көмегін тағайындау құқығын анықтау кезінде ескерілетін кіріс (салықтық және зейнетақылық шегерілімдерді алып тастағанда) түрлерінің сомасы;
5) Уәкілетті орган- тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
2. Тұрғын үй көмегі егер өтемақалық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын ауданының белгіленген нормасы шегіне,бірақ іс жүзінде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінен көп емес коммуналдық қызметтерді (ауыз сумен жабдықтау,электрмен жабдықтау) және байланыс қызметін тұтынғаны үшін шығындар осы мақсаттарға арналған шекті мүмкін шығындар үлесінен артық жағдайда Қобда ауданында тұрақты тұратын және тіркелінген және меншік түріне қарамастан тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушы (жалға беруші)болып табылатын жеке тұлғаларға беріледі.
3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесіне,жалдаушыға (жалға берушіге) есептелген сомамен салыстыру бойынша коммуналдық қызметтерді (ауыз сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) тұтынғаны үшін төлемақыны азайту ретінде қолама-қол емес түрде беріледі. Коммуналдық қызмет және байланыс қызметін белгіленген нормадан артық тұтыну төлемі жалпы негізде жүзеге асырылады.
4. Коммуналдық қызметтерді есептейтін құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтік нормасын есептеу кезінде есептегіштер көрсеткіштеріндегі нақты шығындар,бірақ белгіленген тарифтер мен норматифтерден артық емес қолданылады.
5. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды:
1) Еңбек етуге қабілетті жұмыс жасамайтын, оқымайтын,жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрмаған отбасы мүшелеріне;
Бір айдан артық стационарлық емделуде болған,туберкулезбен науқас, онкологиялық және психологиялық науқасы бар азаматтар,емдеу мекемелерінде тұрақты есепте тұрғындар уақытша еңбек етуге қабілетсіздігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы барлар,кірісі жоқ азаматтар үшін,оның ішінде үш жасқа дейінгі бала және бірінші топ мүгедегі мен 16 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедектер, балалар күтімімен отырғандар, кіші баласы 7 жасқа толмаған екі бала және одан да көп баланы тәрбиелеушілер, оқушылар мен студентер, күндізгі оқу бөлімінің курсанттарына қоса магистратура, асперантурада оқитындар, басқа жұмыссыз есебінде еңбекпен қамту орталығында тіркелгендер бұған кірмейді.
2) жеке меншігінде, егер пайдалы ауданы тұрғын үй бірлігіндегі отбасының 1 мүшесіне есептегенде 15 шар.м. аспайтынын есептемегенде бір бірліктен артық тұрғын жайы (пәтерлі, үйлері) бар тұлғаларға;
3) тұрғын жайларды жалға (жалдауға) немесе қайта беретін тұлғаларға.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелерінде келіспеушілік туындаған жағдайда мәселені шешуді селолық округ әкімінің өкімімен бекітілетін селолық әкімшіліктер бойынша аз қамтылған азаматтарын тексеру және есепке алу жөніндегі комиссиялар қарайды.
7. Тұрғын үй көмегін алушылар өзінің тұрғын жайының меншік түрінің, отбасы құрамындағы және оның жиынтық кірісінде кез-келген өзгерістер, көмекті дұрыс есептемеген жағдайлар туралы уәкілетті органға 10 күн ішінде ақпарат береді.
8. Тұрғын үй көмегі түрінде алынған заңсыз сома белгіленген заңнама тәртібімен бюджетке қайтарылады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алу үшін жолыққан күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейінгі мерзімде жүргізіледі. Жолығу айы деп қоса берілетін құжаттармен бірге өтініш тапсырған ай есептелінеді. Ағымдағы айға құжаттар қабылдау 25-і күні аякталады.
10. Тұрғын үй көмегі отбасы құрамы, іс жүзінде тұрғын жайдын алып отырған пайдалы ауданының көлемі, отбасының жиынтық кірісі, коммуналдық-қызметтерді (ауыз сумен жабдықтау) және телефонға абоненттік ақысының өсу айырмашылығы көрсетілетін меншік иесінің, жолдаушының (жалға алушының) сауалнама-өтініші негізінде тағайындалады.
11. Сауалнама-өтінішке енгізілген мәліметтер тұрғын үй көмегін есептеу үшін негіздеме болып табылады.
12. Азаматтардың кірісі жөніндегі мәлеметтерді аудандық қызметтер, бөлімдер, ұйымдар, тізімдер немесе электронды тасығыштардағы ақпараттар түріндегі тиісті төлемдерді аударатын және есептейтін жетекшілер тоқсан басында бір рет растайды.
13. Еңбек қызметінен түскен табыс отбасының жиынтық кірісі есебінде жұмыс орнынан еңбекақы туралы берілген мәлеметтерге сәйкес (салықтық және зейнетақылық шегерілімдерді алып тастағанда) төлеуге арналған сома мөлшерінде есептеледі.
14. Отбасының жиынтық кірісін анықтау кезінде атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегінен, бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақыдан және жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыдан басқа арыз берген алдыңғы тоқсан ішінде алынған ақшалай немесе заттай түрндегі барлық кіріс түрлері есептеледі.
Еңбек қызметінен түскен кіріс, төлемге арналған мөлшерде /салық ұстамдарын алып тастағанда/ жұмыс орнынан берілген еңбек ақы туралы ұсынылған мәліметтерге сәйкес отбасының жиынтық кірісіне есептеледі.
Тұрғын үй жәрдемі мөлшерін есептегенде, мынадай есептік көрсеткіштер қолданылады:
1) 16 жастан 18 жасқа /қосылады/ дейінгі азаматтар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш;
2) 18 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар үшін 2 айлық есептік көрсеткіш;
15. Өткен тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық кірісіне есептелінетін жеке қосалқы шаруашылықтан (оның ішінде үй малынан, үй маңындағы учаскеден, бақшадан, саяжай учаскесінен) түскен кіріс мөлшері 5 айлық есептік көлемінде қабылданады.
16. Коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметіне тарифтер өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегіне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргізіледі.
17. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін меншік иесінің, жалға алушының (жалдаушының) шын мәніндегі төлемі мен сол отбасының осы мақсаттарға шығындарының шекті мүмкін деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі және шын мәніндегі сомадан артуы мүмкін емес.
18. Берілген сауалнама- өтінішті қарау нәтижелері бойынша екі данада белгіленген үлгідегі келісім – шарт жасалынады, оның біреуі меншік иесінде, жалға алушыда (жалдаушыда), ал екінші – уәкілетті органда сақталынады.
19. Аталған келісім-шарт тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз болады, оны жеткізушілерге он күндік мерзімде ұсыну қажет. Белгіленген мерзімде келісім – шарт ұсынылмаса, шартта көрсетілген сома есепке алынбайды.
20. Ақпаратқа сенімсіздік туындаған жағдайда өкілетті орган:
1) өтініш иесінің тұрғын үй жағдайына тексеру жүргізуге;
2) тиісті ұйымдардан кірістер туралы ақпарат сұратуға;
3) кірістерді жасыру фактілерін тексеру туралы салықтық қызметке жолығуға құқылы;
21. Заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер адамның кірістері туралы ақпарат ұсынады.
3. Қаржыландыру көздері
22. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудандық бюджет қаржысы есебінен жұзеге асырылады.
23. Өкілетті орган көрсетілген көмек сомаларын көрсете отырып, тұрғын үй көмегін алушылар тізімін жасайды және тоқсан сайын келесі тоқсанның алғашқы айының 15-і күнінен кешіктірмей жиынтық мәліметті ауданның қаржы бөліміне тапсырады. Қаржы бөлімі көрсетілген қаражатты өкілетті органның есебіне аударады, олар өз кезегінде коммуналдық қызметті жеткізушілер шотына аударады.
Телефонның абонеттік ақысы тарифтерінің арту өтемақысын төлеу алушының таңдауы бойынша оның жазған арызы негізінде жеке есеп шот реквизиттерін көрсету арқылы осы түрдегі банкілік операцияға лицензиясы бар ҚР екінші деңгейдегі Ұлттық банкілерде жүзеге асырылатын.
24. Тұрғын үй көмегін төлеуге арналған бюджеттік қаражаттың есептелуі мен шығыстарының дұрыстығын тексеру заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі