Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы N 15 қаулысы. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 29 қаңтарда N 3-8-104 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2011.01.17 № 29 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын37 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасын20 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоғамдық жұмыстың көлемі мен түрлері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін /қосымша/.
      2. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Алматбаева Г.А) осы қаулының жүзеге асыруылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қоғамдық жұмысқа қатысушы тұлғалардың еңбек ақысы есебіне сәйкес жыл қаржысынан нақты атқарған уақыты негізінде жүзеге асырылады және төлемдер жұмыссыздардың банкілердегі жеке есеп шоттарына аударылады.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                           А.Әмірғалиев

Мәртөк ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 11 қаңтардағы
№ 15 қаулысына қосымша

Уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты шарттары

Ре
т
са
ны

Мекемелер
атауы

Қоғамдық
жұмыстардың
түрлері

Шарт
бойынша
жұмыстар
дың
көлемі,
1 адамға
/болжам/
/теңге/

Берілген
сұраныс

Қаржы-
ландыру
көздері

Жұмыс
орын
саны

Адам/
күні

1

2

3

4

5

6

7

1

Селолық /ауылдық/ округтер:

Аққұдық

Байторы

Байнассай

Қарашай

Қаратоғай

Қызылжар

Құрмансай

Жайсан

Мәртөк

Родниковка

Танырберген

Хазрет

Хлебодар

«Құрылыс бригадасы», «Жолдар, «Көркейту», «Туған өлке», «Санақ», Мейірбан медбике», «Эколог», «Суға батушыны құтқарушы», «Сарбаздар», «Іс шаралар өткізуге септесу», «Ауыл шаруашылығы жұмыстары», «Жады», «Жас мамандар»

14952

149

3278

ЖБ

2

«Аудандық прокуратура» ММ

«Көркейту», Құрылыс бригадасы»

14952

8

176

ЖБ

3

«Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

«Санақ »,

«Кенесші»

14952

6

132

ЖБ

4

«Аудандық қорғаныс істер бөлімі» ММ

«Санақ »

14952

10

220

ЖБ

5

«Аудандық білім бөлімі» ММ және аудан мектептері

«Санақ », «Көркейту », «Мектептерде ертеңгілік ас әзірлеу», «Құрылыс бригадасы»

14952

10

220

ЖБ

6

«Мәртөк аудандық емханасы» ММ

«Санақ », «Көркейту», «Құрылыс бригадасы»

14952

2

44

ЖБ

7

«»Мәртөк аудандық соты» ММ

«Санақ », «Көркейту»

14952

10

220

ЖБ

8

«Аудандық ішкі істер бөлімі» ММ

«Сарбаздар»

14952

4

88

ЖБ

9

«Аудандық орман шаруашылығы» ММ

«Тәлімбақ», «Көркейту»,

14952

40

880

ЖБ

10

«Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесінің «Мәртөк аудандық мәдениет үйі» МКҚК

«Іс шаралар өткізуге септесу»,», «Көркейту», «Құрылыс бригадасы»

14952

12

264

ЖБ

11

«Аудан әкімінің аппараты» ММ

«Санақ», «Көркейту», «Құрылыс бригадасы»

14952

14

308

ЖБ

12

«Аудандық әділет басқармасы» ММ

«Санақ»,

«Кеңесші»

14952

4

88

ЖБ

13

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМҚК Ақтөбе облыстық филиалы Мәртөк аудандық ветеринариялық зертханасы.

«Ауыл шаруашылығы жұмыстары»

14952

2

44

ЖБ

14

Ақтөбе облысының сот әкімшісінің Мәртөк аумақтық учаскесі

«Санақ»

14952

4

88

ЖБ

15

Мәртөк ауданы бойынша салық басқармасы

«Санақ», «Құрылыс бригадасы»

14952

2

44

ЖБ

16

Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Мәртөк аудандық бөлімі

«Көркейту», «Құрылыс бригадасы»

14952

2

44

ЖБ

17

«Мәртөк ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ

«Санақ»

14952

1

22

ЖБ

18

Мәртөк ауданының мемлекеттік мұрағаты

«Санақ», «Жады»

14952

2

44

ЖБ

19

«Мәртөк- сервис» МКК

«Көркейту

14952

14

308

ЖБ

20

Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы РМҚК Мәртөк аудандық филиалы

«Санақ»

14952,0

2

44

ЖБ

21

«ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

«Санақ»

14952,0

2

44

ЖБ








Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары

      1.«Құрылыс бригадасы»
      Су, газ, кәріз құбырларын және басқа коммуникация жүйелерін төсеу және жөндеу, мектеп, балабақша, аурухана және басқада бюджеттік сала объектілерін жөндеу. Құрылыс аяқталмаған, жартылай қираған ғимараттарды қалпына келтіру.
      2.«Жолдар»
      Жаңа жолдарды төсеу және қолданыстағы жолдарды және жол жиектерін, тротуарларды шөптен тазартуға, жөндеуге, жолға төселген материалдарды бекітуге, ұзақ жолға жүретін қоғамдық көліктің тұрағын көркейтуге көмек көрсету.
      3.«Көркейту»
      Аулаларды, гүлзарларды, парктерді, елді мекендерді көркейту. Екпе ағаштарды отырғызу және күту, гүлзарларды отырғызу, парктерді бөлу. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыру.
      4.«Туған өлке»
      Отынды дайындай, құдықтарды, бұлақтарды тазарта отырып, отырғызылған ағаштарды тазарту. Көпшіліктің шомылуына пайдаланатын өзендер мен су қоймаларының жағалауларын қоршау.
      5.«Ауыл шаруашылығы жұмыстары»
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге, дайындауға және жинауға маусымдық көмек көрсету (көкөніс және бақша өнімдері). Қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды өріске жаю мен күзету. Малдарды идентификациялау.
      6.«Тәлімбақ»
      Ағаштардың, гүлдердің көшеттерін аумақтарды жасыл желектендіру және абаттандыру кезінде одан әрі пайдалану мақсатында өсіру.
      7.«Санақ»
      Республикалық, аймақтық науқандарды (түрлі сынақтар, әскерге шақыру) ұйымдастыруға қатысу. «Жалғыз терезе» қағидасы бойынша көмек көрсету, мүлiктi жариялау жөнiндегi комиссиясына көмек көрсету.
      8.«Іс шаралар өткізуге септесу»
      Мәдени мақсаттағы ауқымды іс- шараларды (спорттық жарыстар, халықтық мерекелер) ұйымдастыру кезінде көмек көрсету.
      9.«Жады»
      Тарихи – сәулеттік ескерткіштерді, қорықтық аймақтарды қалпына келтіру, оларды күзету және күту. Молаларды, бауырластар зираттарын абаттандыру, тазалау және күзету.
      10.«Кітапқа – екінші өмір»
      Қалалар мен аудандардағы мектептердің кітапханаларындағы, көпшілікке арналған кітапханалардағы кітап қорларын қалпына келтіру. Кітаптардың жекелеген беттері мен мұқабаларын алмастыра отырып жаңғырту
      11.«Мейірбан медбике»
      Денсаулық сақтау мекемелері мен үйде ауру және қарт адамдарды күту.
      12.«Тігінші»
      Ауруханаларда, мектептермен мектеп – интернаттарда, балалар үйлерінде, еңбекпен түзеу мекемелерінде, әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінде төсек – жаймалармен киім –кешектерді қайта тігу
      13.«Эколог»
      Тұрмыстық, қатты қалдықтарды көмуді ұйымдастыруға көмектесу және көму.
      14.«Кеңесші»
      Аз қамтылған азаматтарға әртүрлі құқықтық мәселелер жөнінде ақысыз кеңес беру.
      15.«Сарбаздар»
      Қоғамдық тәртіпті сақтау. Кент және елді мекендерде құқық тәртібін күзетуде көмек көрсету.
      16.«Мектептерде ертеңгілік ас әзірлеу»
      Оқушылардың тамақтандыруын ұымдастыру үшін
      17.«Суға батушыны құтқарушы»
      Суға түсуге арналған арнайы орындарда балалардың және басқа адамдардың суға түсуін қадағалау, суға батушыны құтқару.
      18.«Жас мамандар»
      Жас мамандарды оқу бөлімдерін бітіріп келгеннен кейін мамандықтары бойыншажұмысқа тарту, қабілетін күшейту, мамандығына іс жүзінде көмектесу.
      19. Жұмыс регламенті
      Жұмыс аптасы 5 күн, екі демалыс күндерін құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы еңбек табелінде көрсетілген нақты жұмыс уақытына байланысты жұмыссыздың жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, еңбек қауіпсіздігіне байланысты нұсқаулық жүргізіледі, арнаулы киіммен, құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі, зейнетақы және әлеуметтік есептемелер, уақытша еңбек етуге жарамсыздығына әлеуметтік жәрдемақы төлемі жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады