Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2010 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы N 152 шешімі. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 16 ақпандағы N 3-8-106 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 200 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010.12.24 № 200 Шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысының 2, 3 тармақтарына және осы Ереженің 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Мәртөк ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарына 2010 жылы:
      1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
      2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 % -ы мөлшерінде белгіленеді.
      3. Аудандық мәслихаттың шешімі 2009 жылғы 24 шілдедегі № 124 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2009 жылы көтерме жәрдемақы беру туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі № 3-8-94, 2009 жылғы 26 тамыздағы «Мәртөк тынысы» № 38-39 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                     Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы

          Н.Әшімов                            А.Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады