Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы N 152 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысының 2 тармағының 1 тармақшасына және осы Ереженің 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарына 2009 жылы жетпіс есептік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы берілсін.
2. Осы шешім 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы
Н. Хусаинова А. Смағұлов