Мәртөк ауданының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін және телефонға абоненттік төлемақы тарифінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналғын тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 174 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 қыркүйекте № 3-8-118 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 28.03.2013 № 63 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 «Байланыс туралы» Заңының 36 бабының 7 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің Ережесінің 3 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 3 тармағы бойынша, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Мәртөк ауданының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін және телефонға абоненттік төлемақы тарифінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы – мәслихат хатшысы               А.Смағұлов

2010 жылғы 27 шілдедегі № 174
аудандық мәслихаттың шешімімен
бекітілген

Мәртөк ауданының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін және телефонға абоненттік төлемақы тарифінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегін беру ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 «Байланыс туралы» Заңының 36 бабының 7 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің Ережесінің 3 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 3 тармағы бойынша әзірленді және аудандық бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын тұрғын үй көмегінің тәртібін анықтайды.
      1. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:
      1) тұрғын үй көмегі – тұтынған коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және байланыс қызметі (абонеттік ақы) жөніндегі шығындарды өтеу үшін Мәртөк ауданының тұрғындарына берілетін көмек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау түрлерінің бірі болып табылады;
      2) телефонға абонеттік тарифтерінің арту өтемақысы - 2004 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша құрылған тарифтерінің және қолданыстағы тарифтер аралығындағы айырмашылықты белгілейтін және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы;
      3) өтініш иесі (жеке тұлға) – жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жолыққан адам;
      4) жиынтық кіріс – тұрғын үй көмегін тағайындау құқығын анықтау кезінде ескерілетін кіріс (салықтық және зейнетақылық шегерілімдерді алып тастағанда) түрлерінің сомасы;
      5) өкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
      2. Тұрғын үй көмегі егер өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ауданнынан белгіленген нормасы шегінде, бірақ іс жүзінде алып отырған ауданынан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінен көп емес коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, тамақ дайындағаны үшін газды, электрмен жабдықтау, қоқыс жинау және техникалық қызмет кәрсету) және байланыс қызметін тұтынғаны үшін шығындар осы мақсаттарға арналған шекті мүмкін шығындар үлесінен артық жағдайда Мәртөк ауданында тұрақты тұратын және тіркелінген және меншік түріне қарамастан тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушы (жалға беруші)болып табылатын жеке тұлғаларға беріледі. Коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін тұтыңғанына ақы төлеуге арналған шекті мүмкін шығындар үлесі отбасынаң жиынтық кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесіне, жалдаушыға (жалға берушіге) есептелген сомамен салыстыру бойынша коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, тамақ дайындағаны үшін газды, электрмен жабдықтау, қоқыс жинау және техникалық қызмет көрсету) тұтынғаны үшін төлемақыны азайту ретінде беріледі. Коммуналдық қызмет және байланыс қызметін белгіленген нормадан артық тұтыну төлемі жалпы негізде жүзеге асырылады.
      4. Коммуналдық қызметтерді есептейтін құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтік нормасын есептеу кезінде есептегіштер көрсеткіштеріндегі нақты шығындар, бірақ белгіленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.
      5. Тұрғын үй көмегін алушылар өзінің тұрғын жайының меншік түрінің, отбасы құрамындағы және оның жиынтық кірісіндегі кез-келген өзгерістер, көмекті дұрыс есептемеген жағдайлар туралы уәкілетті органға 10 күн ішінде ақпарат береді.
      6. Тұрғын үй көмегі түрінде алынған заңсыз сома белгіленген заңнама тәртібімен бюджетке қайтарылады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі, оны алу үшін жолыққан күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейінгі мерзімде жүргізіледі. Жолығу айы деп қоса берілетін құжаттармен бірге өтініш тапсырған ай есептелінеді. Ағымдағы айға құжаттар қабылдау 25-і күні аяқталады.
      8. Азаматтардың кірісі жөніндегі мәліметтерді аудандық қызметтер, бөлімдер, ұйымдар, тізімдер немесе электронды тасығыштардағы ақпараттар түріндегі тиісті төлемдерді аударатын және есептейтін жетекшілер тоқсан басында бір рет растайды.
      9. Еңбек қызметінен түскен табыс отбасының жиынтық кірісі есебінде жұмыс орнынан еңбекақы туралы берілген мәліметтерге сәйкес (салықтық және зейнетақылық шегерілімдерді алып тастағанда ) төлеуге арналған сома мөлшерінде есептеледі.
      10. Өткен тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық кірісіне есептелінетін жеке қосалқы шаруашылықтан (оның ішінде үй малынан, үй маңындағы учаскеден, бақшадан, саяжай учаскесінен) түскен кіріс мөлшері статистика органдарынаң алынған орташастатистикалық бағасы бойынша қабылданады.
      11. Коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметіне тарифтер өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегіне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргізіледі.
      12. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін меншік иесінің,жалға алушының (жалдаушының) шын мәніндегі төлемі мен сол отбасының осы мақсаттарға шығындарының шекті мүмкін деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
      13. Берілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша екі данада белгіленген үлгідегі келісім-шарт жасалынады, оның біреуі меншік иесінде, жалға алушыда (жалдаушыда), ал екінші – өкілетті органда сақталынады.
      14. Аталған келісім-шарт тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз болады,оны жеткізушілерге он күндік мерзімде ұсыну қажет.

3. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру

      15. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудандық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
      16. Өкілетті орган көрсетілген көмек сомаларын көрсете отырып, тұрғын үй көмегін алушылар тізімін жасайды және тоқсан сайын келесі тоқсанның алғашқы айының 30-і күнінен кешіктірмей жиынтық мәліметті ауданның қаржы бөліміне тапсырады.
      Қаржы бөлімі көрсетілген қаражаттарды өкілетті органның есебіне жолдайды.
      Тұрғын үй көмегін төлеуді өкілетті орган алушының тандауы бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
      17. Тұрғын үй көмегін төлеуге арналған бюджеттік қаражаттың есептелуі мен шығыстарының дұрыстығын тексеру заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады