Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округі Құмсай ауылындағы көшеге атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 4 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2010 жылдың 17 наурызда N 3-9-117 тіркелді

      2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және Бірлік ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Құмжарған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Бірлік ауылының "Интернациональная көшесі "Наурыз" көшесі деп, "Пролетарская"көшесі "Еңбекші" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құмжарған ауылдық округі әкімі         К.Шолтаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады