Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2011.10.18 № 404 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2, 5-3 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәсіпорындар мен ұйымдарға меншік түріне қарамастан мүгедектерге, жалпы жұмыс орындарынын 3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы А. Шотовқа жүктелсін.
3. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 111 "Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 6 мамырында № 3-9-98 нөмірімен тіркелген, Аудандық "Мұғалжар" газетінде 2009 жылдың 20 мамырдағы № 25 нөмірінде жарияланған" қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Шаңғұтов