Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 404 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 10 қарашада № 3-9-153 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 236 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 30.06.2016 № 236 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда мүгедектерге, жалпы жұмыс орындарынан 3 пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 221 "Жұмыс істеуге қабілеті бар мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-9-121 нөмірімен тіркелген және 2010 жылғы 12 мамырындағы "Мұғалжар" газетінде № 20 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мұғалжар ауданының әкімі С. Шаңғұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады