2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 « Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына және Бірлік ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Құмжарған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Құмжарған ауылдық округі Бірлік ауылының «Дружба» көшесі «Достық» көшесі, «Ленина» көшесі «М.Захаров» көшесі, «Набережная» көшесі «Ғ.Аязбаев» көшесі, «Центральная» көшесі «Мақсат Мамытов» көшесі, «Школьная» көшесі «Балым Бримова» көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құмжарған ауылдық округі әкімі К.Шолтаева