Ақсай селолық округінің "Үміт" шаруа қожалығында қой малы арасынан листериоз ауруы шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай селолық округ әкімінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 03 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 26 сәуірде № 3-10-128 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай селолық округ әкімінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай селолық округ әкімінің 2010.05.31 № 10 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына 2 тармағының Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік малдәрігер инспекторының 2010 жылғы 18 наурыздағы № 06-18-109 ұсынуы бойынша ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ақсай селолық округінің «Үміт» шаруа қожалығының қой малдарының арасынан листериоз ауруының тіркелуіне байланысты шектеу қойылсын.
      2. Темір аудандық ветеринария бөлімінің мемлекеттік мекемесіне /А.Абилов/:
      1) листериоз ауруына қарсы сауықтыру шараларын ұйымдастырылсын,
      2) ауру ошағындағы барлық мал басының қозғалысы, көлемді мал азығының тасмалдануы тоқтатылсын, тек оларды етке союға жіберілген жағдайдан басқа.
      3. Ауру ошағы деп танылған мал иелерінің қора жайына зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, залаласыздандыру өткелдері /дезбарьер/ жасалсын.
      4. Малдары листериоз ауруына шалдыққан мал иелерінің жанұясына толық санитарлық, гигиеналық талаптар ескертілсін.
      5. Тұрғындар арасында жануарлардың жұқпалы аурулар туралы ағарту жұмыстары жүргізілсін.
      6. Темір аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесіне /А.Даулетов келісім бойынша/ шектеу қойылған елді мекенде малдәрігерлік құжатсыз, мал басының кіріп шығу қозғалысына бақылау жасауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырылсын.
      8. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы рет ресми жарияланған күнен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Ақсай селолық
      округінің әкімі:                             А.Әмір.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады