Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 26 қаулысы. Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда N 3-12-113 тіркелді. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1308 хатымен.

      Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2012.10.16 № 1308 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-4-тармақшасына 9-бабына және 18-1-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы немесе ашушы кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі 1-қосымшада бекітілсін;

      2. Жұмысқа қатысушылардың еңбекақысын төлеуге жұмыс берушінің жартылай өтемақы шығындарын жергілікті бюджет есебінен ең төменгі жалақының 50% дейін мөлшерін құрайды.

      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы немесе ашушы кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі 2-қосымшада бекітілсін

      4.Жол картасы аясында әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмысшыларға республикалық бюджеттен аударымдар мөлшері 20 мың теңгені құрайды.

      5. "Хромтау аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Т.Нұрлыбаев) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырсын.

      6. "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Хромтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-87 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 9 сәуірдегі "Хромтау" газетінде № 15-16 нөмірінде ресми жарияланған. "Хромтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 48 "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгеріспен толықтыру енгізу туралы" Хромтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 214 қаулысы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-93 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 18 маусымдағы "Хромтау" газетінде № 27-28 нөмірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ельдесовке жүктелсін.

      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

А.Усмангалиев


  Хромтау ауданның әкімдігінің
2010 жылғы 10 ақпан
№ 26 қаулысына 1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарың ұсынушы кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі.

Р/с

Мекеменің атауы

1

"Аида" ПИК

2

"Алена" ПИК

3

"Барс" ПИК

4

"Данияр" ПИК

  Хромтау ауданның әкімдігінің
2010 жылғы 10 ақпан
№ 26 қаулысына 2 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарың ұсынушы кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі.

Р/с

Мекеменің атауы

1

"Нурлан" ШҚ

2

"Алтын Дән и К" ЖШС

3

"Тимур" ШҚ

4

"Аслан" ШҚ

5

"Бөкейхан" ШҚ

6

"Ұшқын" ШҚ

7

"Алтынай" ШҚ

8

"Хромтау-Тазалық " ШҚ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады