"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына және 2010 жылғы 20 шілдедегі Хромтау аудандық ономастикалық комиссиясының шешіміне сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 28.11.2018 № 267 қаулысы және Ақтөбе облысы Хромтау ауданы мәслихатының 28.11.2018 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Хромтау қаласындағы Кеншілер көшесі Амантай Әліпов атындағы көше болып қайта аталсын.
2. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Хромтау ауданының әкімі | Аудандық мәслихаттың |
А.Усмангалиев | сессия төрағасы |
Қ.Абиев |