Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2010.06.22 № 181 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1-тармағының 18 тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10, 27 баптарын басшылыққа алып, Шалқар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 13 сәуірдегі № 03-10/180 санды ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаконыс селолық округінде «Әділет» шаруа қожалығындағы мал базында листериоз ауруын жоюдың шектеу іс шаралары белгіленсін.
2. Жанақоныс селолық округінің әкімі (Е.Данабек), Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы (Е.Бекмағанбетов), Аудандық ветеринария бөлімінің бастығы (Қ.Сарсембай), Шалқар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (Е.Есжанов келісім бойынша) шектеу мерзімі ішінде:
-шектеу жарияланған шаруа қожалығы аумағынан ауылшаруашылық малдарын айдап әкетуге, әкелуге, бұл жерлер арқылы өтуге шектеу қою;
-барлық мал өнімдерін өндірудің сақтық шараларын жүргізу;
-шаруа қожалығы көлемінде листериоз ауруына қарсы жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шараларды қолданыстағы Заңнамаларға сәйкес жүргізу және ол малдарды ұдайы малдәрігерлік бақылауда болуын қамтамасыз ету;
-шаруа қожалығындағы барлық қора жайлар механикалық тазартудан өткізу және дизенфекция жасауды ұйымдастыру тапсырылсын.
3. Шалқар аудандық емханасының бас дәрігері (Ж.Көптілеуов), Аудандық санитарлық әпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Г.Амантаева) «Әділет» шаруа қожалығы мүшелерін бақылауға алып ауруға қарсы егу жұмыстарын ұйымдастыру және санитарлық жағдайын бақылауға алу жұмыстарын жүргізу үсынылсын.
4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Қ.Ақшолақ келісім бойынша), Шалқар аудандық аумақтық инспекциясымен бірлесе отырып «Әділет» шаруа қожалығы аумағында ауылшаруашылық малдарының қозғалысын болдырмауды қадағалауды күшейту тапсырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Садықовқа міндеттелсін.
6. Осы қаулы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р.Сыдықов