Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 148 қаулысы. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 03 маусымда № 3-13-134 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 4 қаңтардағы № 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2011.01.04 № 4 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 23, 44-баптарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29-наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы»Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15-сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы № 313 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі шақыру кезеңінде 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
      2. Шалқар аудандық орталық емханасының бас дәрігері (Ж. Көптілеуов келісім бойынша) Шалқар аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына:
      1) шақырылушыларды медициналық куәландыру жүргізу үшін маман дәрігерлердің медбикелердің резервтік құрамын бөлсін;
      3. Шалқар аудандық Орталық ауруханысының бас дәрігері (Ж.Былқайров келісім бойынша) шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан шақырылушылар туралы мәліметті үш күннің ішінде Шалқар аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласын.
      4. Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі бастығы (Қ. Ақшолақ келісім бойынша)
      1) шақыру кезінде шақыру қосында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін;
      2) әскери міндеттілік және әскери қызметтен бас тартушы адамдарды іздестіру және ұстау жүргізсін;
      3) жеті күндік мерзім ішінде Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне анықтама немесе алдын-ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын.
      5. Мемлекеттік орган және меншік түріне қарамастан мекеме басшыларына әскерге шақырылушыларды іссапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру қосына дер кезінде келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      6. Селолық округтер әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырушыларға шақырылу туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      7. Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (И. Ерішов) аудандық шақыру учаскесіне азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде, қосымша ақылы қоғамдық жұмысшыларды жіберуді жүзеге асырсын.
      8. Азаматтарды әскери шақыруға дайындау және тіркеу пункті ретінде «Шалқар қаласындағы № 1 аула клубы» ММ-і болып белгіленсін.
      9. Шақыру комиссиясы мүшелерінің медициналық, техникалық қызметкерлердің атқарған кездерінде жұмыс орны, лауазымы және орташа айлық жалақысы сақталсын.
      10. Қоса беріліп отырған аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      11. Желілік ішкі істер бөлімшесінің бастығынан (С.Ажигулов) шақырылушыларды темір жол көлігімен жөнелту кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету сұралсын.
      12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Жұмабаеваға жүктелсін.
      13. Осы қаулы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеліп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                         Р.Сыдықов.

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
30 сәуірдегі № 148 қаулысына
/Қосымша/

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      1. Қоныратбаев Амандық - аудандық қорғаныс істер
                               жөніндегібөлім бастығы,
                               комиссия төрағасы.

      2. Сатенова Жәмила     – мейірбике, комиссия
                               хатшысы /келісім бойынша/.

Комиссия мүшелері.

      3. Сапуанов Нұрлыбек   – Аудан әкімі аппаратының
                               маманы.

      4. Елубай Алтай        - Аудандық ішкі істер бөлімі
                               бастығының орынбасары.
                               /келісім бойынша/.

      5. Қаушева Гүлшара     - Аудандық орталық емханасының
                               жасөспірімдер дәрігері.
                               /келісім бойынша/.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады