Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 29.06.2013 № 85 шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012.11.02 № 41 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін төленетін бір жолғы ақшалай өтемақы 5,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012.11.02 № 41 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
М.Үмбеталы С.Тулемисов