Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 05.03.2021 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің атауында, мәтінінде және қосымшасындағы "ставкасын", "ставкалары", "ставкасы" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 504, 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға арттырылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | М. Үмбеталы |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Тулемисов |
Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы кезекті жиырма екінші сессиясының № 210 шешіміне қосымша |
Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын салық мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымша алынып тасталды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).