Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шалқар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
С. Жоламанов |
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |
Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 наурыздағы № 19 шешіміне қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Шалқар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 210 "Жер салығының базалық мөлшерлемесін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-140 тіркелген, 2010 жылғы 8 қыркүйекте "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімі;
2. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 85 "Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 210 "Жер салығының базалық ставкасын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5320 тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімі;
3. Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 201 "Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 210 "Жер салығының базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-190 тіркелген, 2018 жылғы 19 сәуірде "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімі.