РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төмендегі ауылдық округтің, ауылдың атауы:
1) Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округін Үшқоңыр ауылдық округі;
2) Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округіне қарасты Шамалған ауылы Үшқоңыр ауылы деп өзгертілсін.
2. Алматы облысының статистика департаменті (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
3. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының
әкімі С. Үмбетов
Алматы облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Ж. Мықитанов