Алматы облысындағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 қазандағы N 37-213 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қазандағы N 148 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 11 қарашада 2060 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес, тиісті аумақтардағы халықтың пікірін ескере отырып, Ақсу, Алакөл, Қаратал, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақсу ауданының Қызылту ауылдық округі мен Қызылту ауылы Барлыбек Сырттанов ауылдық округі және Барлыбек Сырттанов ауылы атауына өзгертілсін.
      2. Алакөл ауданының Герасимовка ауылдық округінің атауы Сапақ ауылдық округі атауына өзгертілсін.
      3. Қаратал ауданының Қарашеңгел ауылдық округінің атауы Жолбарыс батыр ауылдық округі атауына өзгертілсін.
      4. Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінің Красный Восток ауылының атауы Өрікті ауылы атауына өзгертілсін.
      5. Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылдық округінің Совет ауылының атауы Қызылжар ауылы атауына өзгертілсін.
      6. Еңбекшіқазақ ауданының Нұра ауылдық округінің атауы Сөгеті ауылдық округі атауына өзгертілсін.
      7. Еңбекшіқазақ ауданының Октябрь ауылдық округінің атауы Бартоғай ауылдық округі атауына өзгертілсін.
      8. Райымбек ауданының Қарабұлақ ауылдық округінің Кіші Жалаңаш ауылының атауы Ақай Нүсіпбеков ауылы атауына өзгертілсін.
      9. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Үмбетов

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М. Мырзағалиев

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    А. Сыдық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады