Облыс аумағындағы жекелеген ауылдарды тарату туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 40-229 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 202 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 24 қаңтарда 2066 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес Алакөл, Қаратал, Кербұлақ аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің пікірлерін ескере келе, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алакөл ауданы Үшарал қалалық округінің Талапкер ауылы таратылып, тұрғындары Алакөл ауданы Үшарал қалалық округінің Үшарал қаласының құрамына енгізілсін.
      2. Қаратал ауданы Қаңбақты ауылдық округінің Ақиық ауылы таратылып, тұрғындары Қаратал ауданы Қаңбақты ауылдық округінің Алмалы ауылының құрамына енгізілсін.
      3. Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округінің Архарлы асуы ауылы таратылып, тұрғындары Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округінің Жоламан ауылының құрамына енгізілсін.
      4. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Үмбетов

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С. Зульярова

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    А. Сыдық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады