Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011.01.06 N 1-14 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 95-бабына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихатының 2010 жылдың 3 ақпанындағы "2009 жылғы 10 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 158 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (2010 жылғы 12 ақпандағы Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2-1-113, 2010 жылғы 19 ақпанындағы "Талдықорған" газетінің 8-нөмірінде жарияланған) N 165 шешімін орындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әр қайсысына 50000 (елу мың) теңгеден, 10800000 (он миллион сегіз жүз мың) теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетілсін.
2. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (Ш. Мұхаметжан) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша төленуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Көлбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров