Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011.01.06 N 1-14 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, Талдықорған қаласы мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 12 желтоқсанда тіркелген нөмірі N 2-1-110, "Талдықорған" газетінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы 3 нөмірінде жарияланған) N 158 шешімін орындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 01 наурыздағы "2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2-1-116, "Талдықорған" газетінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы 3 нөмірінде жарияланған) N 4-119 қаулысына толықтыру енгізілсін:
3-тармақта "республикалық бюджеттен" деген сөздерден кейін "және жергілікті бюджеттен" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Көлбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров