Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 26.06.2013 N 12-638 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы "2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы туралы" N 383 Жарлығы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы, "Қаратал" шағын ауданы, N 44 үй мекен-жайында орналасқан мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына 1 (бір) шаршы метрге жалға беру төлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Алпысовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров
Талдықорған қаласы әкімдігінің
2010 жылғы "Жалға алынған
мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін жалға беру
төлемін белгілеу туралы"
N 31-1026 қаулысына қосымша
Талдықорған қаласы, "Қаратал" шағын ауданы, N 44 үй мекен
жайында орналасқан мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін жалға беру төлемін есептеу
Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына 1 (бір) шаршы метрге жалға беру төлемі (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлерде өндіріліп алынған жалға беру төлемін есептеу әдістемесіне сәйкес):
А = Ц/Т/12+Р
формуласымен есептеледі, мұндағы:
А – мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға беру төлемі, айына 1 (бір) шаршы метрге, теңге;
Ц – тұрғын жай алаңының бір шаршы метрінің құрылыс (сатып алу) бағасы, теңге;
Т – ғимараттардың қызмет көрсету мерзімі, жылдар;
Р – тұрғын үйді пайдалануға, ағымды және күрделі жөндеуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтіп ұстауға қажет төлемдер сомасы
Р = ГҒҒ3Ғ/12/ ?п
формуласымен есептеледі, айына 1 (бір) шаршы метрге, теңге, мұндағы:
ГҒҒ3 – тұрғын үй-пайдалану қызметі шығындарының жылдық сметасы, теңге/жыл;
?п – тұрғын ғимараттардағы тұрғын жайлардың жалпы көлемінің сомасы, шаршы метр;
Ц = 64825,25 теңге;
Т = 50 жыл;
ГҒҒ3 = 338551,62 теңге;
?п = 1244 мҒҒІ;
Р = 338551,62 теңге: 12 ай: 1244 мҒҒІ = 22,68.
А = 64825,25 т/мҒҒІ: 50 жыл: 12 ай+ 22,68 теңге = 130,72 теңге
А (айына 1мҒҒІ жалға беру төлемі) = 130,72 теңге/мҒҒІ