"Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" қала әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 469 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 427 қаулысы. Алматы облысы Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 маусымда N 2-2-106 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 01.04.2024 № 291 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабына, 6 тармақтың 29 бабына, "Қапшағай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы" қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 173-33 шешіміне сәйкес (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 5 қаңтарда 2-2-97 нөмірімен тіркелген, "Нұрлы Өлке" газетінің 2010 жылғы 7 қаңтардағы 1 санында жарияланған), қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" қала әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 469 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 маусымда 2-2-86 нөмірімен тіркелген, "Нұрлы Өлке" газетінің 2009 жылғы 13 маусымдағы 23 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 1 тармақтағы 5 саны 8 санына ауыстырылсын.

      2) 2 тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:

      "2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Н.Таубаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады