Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында қала әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Қапшағай қаласы, Гоголя көшесі, 6 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесіне «Алматы облысы Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Заречный және Шеңгелді ауылдық округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары белгіленген мерзімде «Алматы облысы Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейіңгілердің тізімін берсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ілияс Сейтбекұлы Сүгіровке жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Таубаев