Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысының Текелі қалалық мәслихатының 2010 жылғы 03 желтоқсандағы N 26-197 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2010 жылы 29 желтоқсанда N 2-3-86 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2013 жылғы 08 қарашадағы N 22-134 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 08.11.2013 N 22-134 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Текелі қалалық мәслихатының "Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 15-139 (Текелі қалалық әділет басқармасында 2010 жылы 11 қаңтарда 2-3-71 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтарда "Текелийский рабочий" газетінің 4 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылысын деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет және экономика мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына (төрағасы Константин Михайлович Нестеров) жүктелсін.
      4. Осы 2011 жылдың 01 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының
      IV шақырылымындағы кезекті
      ХXVІІІ сессиясының төрайымы                Н. Сибирякова

      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Калиновский

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Текелі қаласы бойынша
      салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ілімжанова Заида Әбдімананқызы
      03 желтоқсан 2010 жыл

Текелі қалалық мәслихатының
2010 жылғы 3 желтоқсандағы
"Кәсіпкерлік қызметінің
жекелеген түрлеріне тіркелген
салық ставкаларын белгілеу
туралы" N 26-197 шешіміне
қосымша

рет N

Салық салу объектісінің атауы

Айына салық салу бірлігіне
тіркелген салықтың
ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге арналған
ұтыссыз ойын автоматтары

2

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын
дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

6

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады