Кәсіпкерлік қызметінің түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 15-139 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2010 жылы 11 қаңтарда N 2-3-71 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2010 жылғы 03 желтоқсандағы N 26-197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2010.12.03 N 26-197 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2010 жылға арналған кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет және экономика мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына (төрағасы Константин Михайлович Нестеров) жүктелсін.
      3. Текелі қалалық мәслихатының "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 25 ақпандағы N 8-81 (2009 жылғы 10 сәуірдегі "Текелийский рабочий" газетінің 15 нөмірінде жарияланған, 2009 жылғы 2 сәуірде N 2-3-60 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) шешімі жойылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының
      IV шақырылымындағы кезекті
      ХVІI сессиясының төрайымы                  Н. Сибирякова

      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Калиновский

Текелі қалалық мәслихатының
"Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген
түрлеріне тіркелген салық
ставкаларын белгілеу туралы"
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
N 15-139 шешімімен белгіленген
қосымша

РетN

Салық салу объектісінің атауы

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары

2

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

6

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады