Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 16.07.2014 № 467 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес және Ақсу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы, Ақсу аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы 29-167 нөмірлі шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы N 30-174 санды шешімін жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер төмендегідей белгіленсін: газ тұтыну – айына бір кішкене баллон; электр қуаты айына 45 квт; жер үйдегі тұрғындар көшелік су бөлетін колонкадан айына 1 адамға; орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ үйлерде тұратындарға жылына 1 тонна көмірдің құны.
2. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Қайрат Тынбайұлы Бекбаланов Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктерді төлеу кезінде көрсетілген тарифтерді басшылыққа алсын.
3. "Ақсу аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Гулфайраз Шырғайбаева аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселесін шешсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сәбит Қорғанбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Дүйсембаев