Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2011.04.11 N 117 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Поселкелік, ауылдық округтерінің әкімдеріне 2010 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуін және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
2. Ақсу ауданының әскерге шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу "Алматы облысы Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша) арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
5. "Ақсу ауданының аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Жұмагелдин Әшімғали Құсайынұлы (келісімі бойынша):
1) аудандық шақыру комиссиясын білікті дәрігер мамандармен және орта буын медициналық қызметшілермен жасақталсын;
2) шақырылушылардың әдістемелік- нұсқаулықтар талаптарына сәйкес дәрігерлік іріктелуін жүзеге асырсын;
3) шақырылушыларды жұқтырылған қорғаныш тапшылығы, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы белгілерін анықтауды ақысыз тексеруді өткізуді қамтамасыз етсін.
6. "Ақсу аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Шырғайбаева Гүлфайраз Жабайханқызы әскерге шақыруға байланысты жұмыстарды қаржылай қамтамасыз етілуін ұйымдастырсын.
7. "Алматы облысының ішкі істер департаменті Ақсу ауданының ішкі істері бөлімі" мемлекеттік мекемесі Сансызбаев Ерлан Қанатайұлы (келісімі бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.
8. Аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 28 қыркүйектегі 2-4-92 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2009 жылғы 10 қазандағы N 41 санында жарияланған, аудан әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың қазан- желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді қамтамасыз ету туралы" N 121 қаулысымен күші жойылды.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
10. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Дүйсембаев
Ақсу ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 26 мамырдағы
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2010 жылдың
сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті
мерзімді әскери қызметке
шақырылуын жүргізуді
ұйымдастырып, қамтамасыз ету
туралы N 180 қаулысына
1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Жетібаев Алмат Бекетайұлы - "Алматы облысы Ақсу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;
комиссия төрағасы
Омаров Бақытжан Рақымжанұлы - "Ақсу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Рамазанов Мұрат Сейфулмәлікұлы - "Ақсу аудандық ішкі істері бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары;
Мырзашев Иманғали Бөлегенович - "Ақсу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, дәрігерлік медициналық комиссияның төрағасы;
Касымбекова Бақыт - "Ақсу аудандық аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі, комиссия хатшысы.
Ақсу ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 26 мамырдағы
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2010 жылдың
сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті
мерзімді әскери қызметке
шақырылуын жүргізуді
ұйымдастырып, қамтамасыз ету
туралы N 180 қаулысына
2-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының 2010 жылғы көктемгі жұмыс кестесі
N р/с |
Ауылдық |
Шақыруға |
01. |
02. |
05. |
06. |
07. |
08. |
09. |
12. |
13. |
14. |
15. |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
1 |
Ақсу |
21 |
21 |
||||||||||
2 |
Арасан |
25 |
25 |
||||||||||
3 |
Есболатова |
23 |
23 |
||||||||||
4 |
Егінсу |
4 |
4 |
||||||||||
5 |
Жаналық |
17 |
17 |
||||||||||
6 |
Қарасу |
22 |
22 |
||||||||||
7 |
Қарагөз |
19 |
19 |
||||||||||
8 |
Қапал |
33 |
33 |
||||||||||
9 |
Қарашілік |
26 |
26 |
||||||||||
10 |
Қызылту |
29 |
15 |
14 |
|||||||||
11 |
Қызылағаш |
27 |
19 |
8 |
|||||||||
12 |
Көшкентал |
27 |
27 |
||||||||||
13 |
Құрақсу |
4 |
4 |
||||||||||
14 |
Матай |
39 |
20 |
19 |
|||||||||
15 |
Молалы |
11 |
11 |
||||||||||
16 |
Ойтоған |
24 |
24 |
||||||||||
17 |
Суксай |
26 |
26 |
||||||||||
18 |
Жансугурова |
73 |
40 |
10 |
8 |
15 |
|||||||
Барлығы: |
450 |