Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 117 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 25 сәуірде N 2-4-132 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 наурыздағы N 146 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2012.03.12 N 146 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 11 наурызындағы N 250 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысы негізінде Ақсу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Поселкелік ауылдық округ әкімдеріне Жансүгіров поселкесі Буланова көшесі N 1 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесінде "Алматы облысы Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне Ақсу аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Поселкелік, ауылдық округтердің әкімдері 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп және олардың шақыру учаскесiне уақтылы келiп жетуiн ұйымдастырсын.
      5. "Ақсу ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығына Ерлан Канатайұлы.Сансызбаев (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде ұйымдастырып жүргізсін, ішкі істер органдары әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      6. Ақсу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2010 жылдың сәуір–маусым және қазан-желтоқсан айларында 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы" N 180 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 16 маусымында 2-4-114 нөмірімен тіркелген, "Ақсу өңірі" газетінде 2010 жылдың 19 маусымында N 35 жарияланған) орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сабит Бейсебекұлы Қорғанбаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Дүйсембаев

Ақсу ауданы әкімдігінің
2011 жылдың 11 сәуіріндегі N 117
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2011 жылдың
сәуір-маусым және қазан-
желтоқсан айларында кезекті
мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" қаулысына
1-қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

      Жетибаев Алмат Бекетаевич - Ақсу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы;
      Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлы - Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.

      Комиссия мүшелері:

      Рамазанов Мұрат Сейфулмәлікұлы - Ақсу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
      Мырзашев Иманғали Бөлегенович - Ақсу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы;
      Қасымбекова Бақыт - Ақсу аудандық орталық аурухананың бас мейірбикесі, комииссия хатшысы.

Ақсу ауданы әкімдігінің
2011 жылдың 11 сәуіріндегі N 117
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2011 жылдың
сәуір-маусым және қазан-
желтоқсан айларында кезекті
мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" қаулысына
2-қосымша

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу

р/с N

Ауылдық
және
поселкелік
окруктерінің
атауы

Шақыруға
жататын-
дардың
саны

Шақыру комиссиясын өткізу мерзімі

сәуір

11

12

13

14

15

18

19

20

21

22

25

26

27

28

29

1

Аксу

21

21















2

Арасан

25

16



9












3

Есеболатова

23




16


7










4

Егінсу

4





4











5

Жаңалык

17



17













6

Карасу

22



22













7

Карачилик

26



6



20










8

Карагоз

19





19











9

Капал

33


23





10









10

Көшкентал

27





10



17








11

Б.Сырттанов

29







19


10







12

Кызылагаш

27


17





10









13

Ойтоган

24




10




14








14

Кураксу

4






4










15

Молалы

11









11







16

Матай

39






3


10

15

11






17

Суыксай

26










10

16





18

Жансугурова

73

6



10

10

10

5

4

8

15

5






Барлығы:

450

43

40

45

45

43

44

44

45

44

36

21





      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақсу ауданының орталық
      аудандық ауруханасы мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының
      бас дәрігері                               Жұмагелдин Әшімғали Құсайынұлы
      11 сәуір 2011 ж

      Ақсу ауданы ішкі істер
      бөлімі мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Сансызбаев Ерлан
      11 сәуір 2011 ж

      Ақсу аудандық қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Жетибаев Алмат Бекетаевич
      11 сәуір 2011 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады